• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №665 

262 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 5 қараша, Астана, Үкімет Үйі «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен. жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-қүжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 қарашадағы № 665 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері Р/с № Халықаралық спорттық жарыстардың атауы Иеленген орын Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері 1 2 3 4 5 1. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындары 1-орын 250000 250000 2-орын 150000 150000 3-орын 75000 75000 4-орын 30000 30000 5-орын 10000 10000 6-орын 5000 5000 2. Жазғы, қысқы Сурдлимпиада ойындары 1-орын 50000 50000 2-орын 35000 35000 3-орын 25000 25000 4-орын 14000 14000 5-орын 6000 6000 6-орын 4000 4000 3. Әлем чемпионаты (ересектер арасында): 1-орын 15000 10000 2-орын 7000 5000 олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша 3-орын 5000 3000 олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 1-орын 2300 2300 2-орын 1800 1800 3-орын 1100 1100 4. Жазғы, қысқы Азия ойындары, Параазия ойындары 1-орын 10000 5000 2-орын 5000 3000 3-орын 3000 2000 5. Жазғы, қысқы 1-орын 15000 15000 Дүниежүзілік Универсиада 2-орын 10000 10000 3-орын 5000 5000 6. Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары 1-орын 10000 5000 2-орын 5000 3000 3-орын 3000 2000 7. Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты 1-орын 2300 2300 2-орын 1400 1400 3-орын 900 900 8. Олимпиадалық, пара­лим­пиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты 1-орын 3500 3500 2-орын 2300 2300 3-орын 1100 1100 9. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша элем рекордын орнату 5000 3000